ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАР!
БІЗ ТУРАЛЫ
Қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау және жинау бойынша жүргізілетін кешенді жұмыстар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Табиғи ресустар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасымен жасалған келісім шарты талабына сәйкес, 2017 жылдан бастап 5 жыл жүзеге асырылады.
«Clean City NC» ЖШС - Нұр-Сұлтан қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығарумен айналысатын мамандандырылған ірі компания. «Clean City NC» ЖШС заманауи техникалық базамен, білікті қызметкерлер мен арнайы техникамен жарақталған автопаркі бар компания, сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
«Clean City NC» ЖШС - қалдықтарды шығаратын заманауи техника паркімен жабдықталған. «Еуро-4» экологиялық стандарттағы 66 заманауи (оның ішіндегі 30 көлік 2017 жылы шыққан) арнаулы көлік бар.
Тар жерде орналасақан ҚТҚ шығарып алу үшін компания арнайы шағын көліктер сатып алды.
«Clean City NC» ЖШС – тұрғын үй алаптары мен жеке ұйымдар аймағындағы қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша кең көлемде қызмет ұсынады. Арнаулы көлік құралдарының қозғалыс бағдарына GPS жүйесі арқылы «құпия бақылау» жүргізіліп отырады. Ұсынылған қызметтердің сапасына кепілдік беретін өзге де Know-how сияқты техникалық мүмкіндіктер мониторинг жасайды...
«Алматы» ауданындағы 10 участоктың 8-і күн сайын 2 реттен әр ауысымда тазартылады.
«Есіл» ауданындағы 7 участоктың 3-і күн сайын 2 реттен әр уысымда тазартылады.
«Сарыарқа» ауданындағы 10 участок күн сайын әр ауысымда тазартылады.
«Байқоңыр» ауданындағы 8 участок күн сайын 2 реттен әр уысымда тазартылады.
1 – ауысым 06-00-ден 14-00
2 – ауысым 14-00-ден 22-00
Аулаңыз бен жұмыс орыныңыз таза болғанын қалайсыз ба?
Бізбен келісім жасаңыз.
Құжат сұрату формасы
ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАР!!!
Сонымен қатар, Ереженің 80 бабына сәйкес, кәсіпорындар мен ұйымдардың, өзге де қожайлық субъектілері аймағында (белгіленген, бекітілген, аула ішіндегі) орналасқан контейнерлік алаңдардағы ірі габаритті, қатты тұрмыстық қалдықтардың шығарылуы жөнінде уақытылы келісімге келуге тиіс.
Серіктестік Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коммуналдық қалдықтарды шығару тапсырмасын жүйелі түрде және мүлтіксіз жүзеге асыру негізінде байқауға жіберілді. Тендр қорытындысы тендрлік комиссия отырысының 15.05.2017 жылдың №2 Хаттамасына сәйкес жасалды. Мұндай тәртіп Ережеде қарастырылған және 71-1 б. бекітілген. Коммуналды қалдықтарды шығаруда заңды тұлғалар (оның қатарында ПИК), қала аумағанда жұмыс істейтін өзге де қожалық субъектілері, сонымен қатар пәтер иелері мен жеке үйді жалға алушылар байқауда (тендерде) жеңіске жеткен қоқыс тасушы ұйымдармен қалдықтарды шығару жөнінде шарттық негізде келісім жасалады.
Атап айту керек, тұрғын үйлерде орналасқан жеке кеңселер мен ұйымдардың, кәсіпкерлерден жинақталған тұрмыстық қалдықтарды ауладағы жалпы қоқыс контейнерлеріне төгеді. Егер дәл осындай субъектілер қоқыс шығаратын ұйыммен ҚТҚ төгу жөнінде келісімге отырмаса, төлемді сол маңдағы үйдің тұрғындары төлейді.
Сонымен қоса ҚТҚ көлеміне байланысты контейнерлер санын тиісті норматив бойынша орналастырылуда. Десе де контейнерлер шамадан тыс толып кетуіне соқтыруда. Соның нәтижесінде біз ауладағы қоқыс контейнерлерінің толып, қалдықтардың сол жерде шашылып қалатындығын байқаймыз.
Сондықтан біз қала халқын қара ниетті әрекетке сын білдіріп, осындай олқылықтарға немқұрайды қарамауға шақырамыз. Осы орайда қалдық тастайтын ауладағы жалпы контейнерге тиісті келісім жасамай, заңсыз қоқыс тастаушы кәсіпкерлер мен ұйымдар туралы мәліметті Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне және ішкі істер органына хабар беруге болатындағын естеріңізге саламыз.
телефон: +7 /7172/ 789-800, 789-801
Абоненттік сайттар мекенжайлары:
Бараев көш. 23 - Дс-Жм 09:00-18:00, Үзіліс: 13:00-13:40
e-mail: cleancitync@mail.ru