Құрметті тұтынушылар!


«Clean City NC» ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласында жарияланған карантиндік режимге байланысты, төмендегі мекен-жайларда орналасқан абоненттік бөлімшелер туралы хабарлайды:

  1. Бараев көшесі 23, Бөгенбай батыр даңғылы 50, 2020 жылдың 19 наурызынан 15 сәуіріне дейін тұтынушылармен онлайн режимінде (компанияның веб-сайты мен электрондық поштасы арқылы байланысу ретінде) жұмыс істейді.
  2. Қажымұқан көшесі 8/1 жұмысын тоқтатады.

Бараев көшесі 23 және Бөгенбай батыр даңғылы 50 мекен-жайларында тек қана КАССА жұмыс істейді.

Жазбаша мәлімдемелерді cleancity@mail.ru электронды поштасына немесе iqala.kz порталы арқылы жіберулеріңізді сұраймыз.

Түсінгеніңіз үшін рахмет!

Хабарландыру қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтер бойынша тарифі өзгеруі туралы


«Clean City NC» ЖШС 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару қызметтері бойынша тарифінің өзгеруі туралы хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №467/60-VI, Нұр-Сұлтан қаласының әділет басқармасында 2019 жылғы 30 желтоқсанда тіркелген, «Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, кәдеге жарату, көму тарифтерін бекіту туралы» шешіміне сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қатты қалдықтарды
шығару қызметтеріне тариф төмендегіні құрайды:

п/п

Наименование тарифа Тариф (тенге)
1. Абаттандырылған сектордағы жеке тұлғаларға (айына 1 тұрғынға) 390*
2. Абаттандырылмаған сектордағы жеке тұлғаларға (айына 1 тұрғынға) 414*
3.
Саяжай коопертивінің бір қатысушысынан ҚТҚ шығару төлемі
715
4. Заңды тұлғаларға (1 текше метр үшін) 2 144

* Ескерту: жәрдемақы келесі мөлшерде беріледі:

  • 100% – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
  • 50% – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына барабар; көп балалы аналарға, I топтағы мүгедектерге;
  • 25% – II топтағы мүгедектерге, зейнеткерлік жасқа жетіп зейнетке шыққан зейнеткерлерге.

Экологиялық Асарға қатысқан астаналықтар 1 тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуге тапсырды


Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған «қайта өңдеуге» атты экологиялық Асардың нәтижесі шығарылды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жоюға қабылдаған экологиялық Асарда қала тұрғындары пластик, шыны бөтелке, макулатура, сынапты шамдар мен батарея, істен шыққан тұрмыстық техникалар мен электронды құрылғылар жоюға тапсырды. Қалдықты бөліп тастаудың пилоттық жобасын қолдауға жүздеген қала тұрғыны қатысты. Шара аясында бас-аяғы 1044 кг қалдық қабылданды.

Күн райының қолайсыздығына қарамастан экологиялық шараға белсенді қатысқандар істен шыққан теледидар, видео және аудио магнитофон, кір жуатын машина, макулатура, шыны және пластикалық бөтелкелер тапсырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша шараға қатысқандардың көбі қайта өңдеуге келетін бұйымдарды саналы түрде алып келген. Сенбілік акцияда қабылдау бекеттеріндегі автокөліктер макулатура мен пластикалық бөтелкелерге лық толды. Астана қаласында қолға алынатын қалдықты бөліп тастау жобасына ірі компаниялар да қызығушылық білдірді. Айталық, «Самрұқ-Энерго» АҚ қызметкерлері 125 кг кеңсе қағазы және пластикалық қалдықтарды қайта өңдеуге тапсырды.

Қабылданған ҚТҚ және электронды қалдықтар көлемі

Қалдық түрлері Жинақталған көлем
1 Электр және электронды құралдар 300 кг
2 Макулатура 405 кг
3 Пластикалық бөтелке 120 кг
4 Шыны 100 кг
5 Батарея 14 кг
6 Сынапты шам 85 кг
7 Текстиль (киім-кешек) 20 кг

Алғаш рет өткізілген ЭкоАсаға «Аллюр Групп компаниясы», «Технодом» дүкендер желесі, «Panasonic» компаниялар желесі, «Starbucks» кофе желісі, «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту Қоры» қолдау білдірді.

Шара аясында істен шыққан тұрмыстық электр техникалырын тегін алып кететін жаңа экологиялық «Cleаn taxi» жобасы таныстырылды. Акция аясында жиналған қалдықтар өңделу үшін Астана қаласындағы қалдықты қайта өңдейтін зауытқа жіберілді.

Естеріңізге саламыз, Астана қаласы әкімдігі мен ӨКМ Операторы Астана қатты тұрмыстық қалдықтарды екі фракцияға (құрғақ және ылғалды) бөліп тастаудың пилоттық жобасын енгізуді қолға алуды бастайды. Жобаны жасаушылар ең алдымен халықты «Қайта өңдеуге» шақыратын кең көлемдегі ақпараттық-танымдық жұмыс жүргізуді көздеп отыр. 2018 жылдың шілде айынан бастап қаладағы 2070 қоқыс алаңына (Астана алаңдарын 100%-ға қамту) 6 275 контейнер қойлады. «Сары» және «жасыл» түсті контейнерлерге тұрмыстық қалдықтар сұрыптап тасталады. Айталық сары түсті контейнерге қайта өңдеуге жарамды (металл, пластик, қағаз, шыны) қалдықтар тасталса, жасыл контейнерге тамақ қалдықтары, органикалық және басқа да өңдеуге келмейтін қалдықтар салынады.

ӨКМ Операторы баспасөз қызметі
8 (7122) 72-79 -61